«Татуласу мектебі: тең-теңімен» бағдарламасы аясындағы жұмыстар

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы және № 20 орта мектебі арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында 2021-2022 оқу жылының екінші жартыжылдығынан бастап, оқу орнының базасында «Татуласу мектебі: тең-теңімен» бағдарламасы бойынша волонтер – медиаторларды даярлау бойынша жұмыс жүргізіліп келеді.
Аталған бағдарламаның мақсаты – өзін-өзі реттеу дағдыларына және медиация арқылы жанжалдарды бейбіт жолмен шешу әдістеріне оқыту арқылы оқушылардың позитивті ойлауын және жеке қасиеттерін дамыту.
Медиация мүдделі емес, бейтарап маман жанжалға қатысушы тараптарға оның өзара қолайлы реттелуіне қол жеткізуге көмектесетін процесс. Медиатор келісімге жол ашады, қатысушылар арасындағы байланысты жеңілдетеді және дұрыс жолға бағыттайды, оларға тиісті ақпарат алуға және дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.
Бұл жоба әр түрлі жастағы оқушылармен кез-келген сыныпта қарапайым медиация дағдыларын игеруге, оның процедурасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Медиатор-волонтер сертификатын алғаннан кейін, ол 2-3 адам тобына бірігуге және өз құрдастары арасында делдалдық рәсімдерді дербес жүргізуге мүмкіндік алады.
Бағдарламаның негізгі міндеті – елорданың мектептері мен колледждерінде «тең – теңімен» технологиясы бойынша татуласу және жанжалды жағдайлардың алдын алу қызметін ұйымдастыру.
2022 жылдың 26 сәуірінде №20 ОМ «Татуласу мектебі: тең – теңімен» бағдарламасы бойынша қорытынды сабақ өтті, онда қатысушылар тренингтік жұмыс барысында практикалық қызметте конфликтология және медиация ілімі бойынша өздерінің теориялық білімдерін тексерді.
Тренинг жұмысы бағдарламаға қатысушы 15 оқушыға медиатор-волонтер куәлігін салтанатты түрде табыстаумен аяқталды.
Марапаттау рәсімінде №20 ОМ директоры Болат Бимендин мектепте медиация жұмысының алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді.