«Жасөспірімдердің ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбындағы вебинар

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық сүйемелдеу бөлімі 2022 жылдың 26 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласының Астана Халықаралық Университеті педагогикалық колледжі мен Көлік және коммуникация колледжінің ата-аналарына «Жасөспірімдердің ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы» атты онлаин форматта вебинар өткізді.
Вебинар мақсаты: Ата-аналармен ғаламтордың бала тәрбиесіне, денсаулығына, оқу үлгеріміне тигізетін кері әсері жайлы ой бөлісе отырып, балалардың ғаламторға тәуелділігінің алдын алу жолдарын қарастыру, әдістемелік тұрғыда бағыт беру.
«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу бөлімінің педагог-психологі Т.С. Сатымбекова балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелерін сақтау және интернет ресурстарды қолдану мәдениетін жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтты. Ғаламтор желісінде күрделі парольдерді таңдау, оларды үнемі өзгерту, желіні мұқият қолдану, сенімді сайттар мен қызметтерді таңдау тәсілдерін игеруге ата-аналарға кеңестер берді. Ата-аналар өзекті мәселедегі өздерінің ойларын ортаға салып, қажетті кеңестер алғандарына алғыстарын білдірді. Вебинарға 78 ата-ана қатысты.