7-8 сынып оқушыларына арналған химия мен биология пәндері бойынша аймақтық олимпиада

2022 жылдың 28-30 сәуірі аралығында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 7-8 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндері бойынша бірінші облыстық олимпиадасын өткізеді.

«Астана Дарын» орталығы өңірлік және қоғаммен байланыс орталығының қызметі жас дарындарды анықтауға және қолдауға бағытталған.

Интеллектуалды дарынды балаларды ерте жастан анықтау оқушыларды олимпиадаларға жүйелі дайындыққа кезең-кезеңімен қосуға және үлгерімдерін одан әрі арттыруға ықпал етеді – атаулы олимпиада да осы мақсатта өткізіліп отыр.

Бұл пәндер бойынша Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларының командалары өз білімдерін көрсетеді.

Барлығы 150 қатысушы жарияланды, оның ішінде химия пәнінен 84 қатысушы: 7 сынып – 32 оқушы, 8 сынып – 52. Биология пәні бойынша – 66 қатысушы: 7 сынып – 40 оқушы, 8 сынып – 26.

Олимпиада үш күнге созылады. 28 сәуір – олимпиаданың бірінші күні.

Жас дарындар Radisson Hotel Astana қонақ үйінде тапсырмаларды шешеді.

Екінші күні, 29 сәуірде қатысушылар 2 мектепке бөлінеді: химиктер №66 лицейде, биологтар №70 лицейінде болады.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау 30 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтеді.

Олимпиадаға Exxon Mobil компаниясы демеушілік жасайды. Елорда тұрғындары қайырымдылық, соның ішінде білім беру саласындағы әлемдегі ең ірі қоғамдық мұнай компаниясы ретінде Exxon Mobil Kazakhstan Inc компаниясының қызметін жақсы біледі. Exxon Mobil қоғамға белсенді қатысудың бұрыннан келе жатқан дәстүріне ие. Қазақстанда ExxonMobil Kazakhstan Inc. әлеуметтік, білім беру және мәдени бағдарламаларды белсенді түрде қолдайды.

Бүгінгі таңда бізге интеллектуалды дамыған, болашақта еліміздің экономикалық және саяси даму жолын айқындайтын азаматтар қажет.

Сондықтан компания Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды балаларға қолдау көрсетуге және зияткерлік олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуге қаржылық демеушілік көрсетуге дайын.

Интеллектуалдық сайыстарға қатысу мектеп оқушыларының тұлғалық өсуі мен дамуына, өмірде табысқа жету үшін қажетті жаңа білім алуына, өз бетінше ойлауына, қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтауына көптеген мүмкіндіктер беретіні сөзсіз.