Халықаралық ғылыми- практикалық конференция

2022 жылдың 20-21 сәуір күндері Алматы қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша инновациялық технологиялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас прокуратура, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, ЖОО ректорлары, білім басқармаларының басшылары, оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлері, педагог-психологтер, ювеналды полиция инспекторлары қатысты.
Конференцияда қазіргі жасөспірімдердің өзекті мәселелері талқыланды, сондай-ақ дағдарыс жағдайында балаларға көмек көрсету бойынша өңірлерде іске асырылып жатқан жұмыс тәжірибесі ұсынылды.
Нұр-Сұлтан қаласы «Астана дарыны» дарындылықты дамыту орталығы және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Г. К. Капанова педагог-психологтерге әдістемелік көмек көрсету тәжірибесімен бөлісті. Секция жұмысында дағдарыс жағдайында қалған балалармен жұмыс жасаудың түрлі тәсілдері қамтылды. Конференцияның жалпы қорытындысы шығарылып, резалюциялар қабылданды, конференцияға қатысушылар алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

https://www.instagram.com/p/CczJS2VoCRo/?utm_source=ig_web_copy_link