«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының жұмыс жоспары негізінде Республикалық М. Жұмабаев оқуларының қалалық іріктеу кезеңін 7 – 11 сынып оқушылары ар асында санитарлық нормалардың қатаң сақталуымен №64 мектеп- лицейінде (Ғ. Мүсірепов көшесі 15) 13 мамыр күні өткізіледі.
Оқулардың мақсаты – ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ережеге сәйкес оқулар үш номинация бойынша өткізіледі (әр мектептен әр номинацияға 1(бір) оқушыдан):
1. «Өлең-менің Шолпаным,Айым,Күнім» – ақын шығармаларын жатқа оқу;
2. «Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» – ғылыми жоба жұмысы;
3. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жазба ақындар мүшайрасы
Оқуларға қатысушылылар төменде көрсетілген сілтеме арқылы https://forms.gle/Zojw5TXt3RTPJ1hz6 2022 жылдың 10 мамырға дейін тіркеледі.
Мекенжайы: Нұр- Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 55/13, «Астана дарыны» ДДжПС орталығы.
Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: 8/7172/ 20 26 83, 87012524595, 87472274179.
