8-11 сынып оқушыларына арналған Ө.М.Сұлтанғазин атындағы қалалық математикалық олимпиада

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес бүгін 23 сәуір күні №56 мектеп-лицейімен бірлесе отырып 8-11 сынып оқушыларына арналған Ө.М.Сұлтанғазин атындағы қалалық математикалық олимпиадасын өткізуде (әрі қарай – Олимпиада).

Олимпиаданың мақсаты – қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің ғылымға қосқан үлесін насихаттау, мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервтерін қалыптастыру.
Олимпиадаға елордалық 86 білім беру мекемелерінен 359 оқушы қатысуда.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!