Қалалық Ө. М. Сұлтанғазин атындағы математикалық олимпиада

2022 жылдың 23 сәуірінде математика және физика саласына зор үлес қосқан қазақ математигі, ғалым, қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ Ғылым академиясының академигі Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазинді еске алуға арналған Нұр-Сұлтан қаласының №56 мектеп-лицейінің базасында Академик Сұлтанғазин атындағы математикалық олимпиада өтеді.

Олимпиаданы өткізудегі мақсат:  академик Ө.М. Сұлтанғазинді еске алу, оның ғылымға қосқан үлесін насихаттау, мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервтерін қалыптастыру.

Олимпиада 8-11 сынып оқушылары үшін қазақ және орыс тілдерінде өтеді (әр параллельден бір оқушыдан). Уақыты – 3 астрономиялық сағат, басталуы сағат 10.00-де.

             Олимпиада қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.