ЮВЕНОЛОГИЯЛЫҚ ОҚУЛАР-2022»: «Ғалымға 10 маңызды сұрақ» халықаралық конференциясы

2022 жылғы 20-22 сәуір аралығында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы білім беру ұйымдарымен бірлесіп «ЮВЕНОЛОГИЯЛЫҚ оқулар-2022» жастардың ғылыми-практикалық конференциясын өткізуде.
Конференцияның мақсаты: қоғамдық сананы жаңғырту және жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында жастар мен олардың мәдени практикаларының өзекті мәселелерін талқылау.
Екінші күні, 21 сәуір күні № 47 БМГ базасында Қазақстандық ювенологиялық мектептің негізін қалаушы, халықаралық ювенология академиясының академигі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор Александр Николаевич Тесленко мерейтойына арналған «Ғалымға 10 маңызды сұрақ» ток-шоуы өтті.
Ток-шоудың модераторы № 47 мектеп-гимназиясының директоры Тодораш Ольга Евгеньевна болды. Ғалымдармен кездесу барысында 8-9 сыныптардың 32 оқушысы профессор А.Н. Тесленконың өмір жолы кезеңдерімен, оның ғылыми қызығушылықтарымен және хоббиімен танысты: оқу, кино, музыка, фотография.
Ең қызықты сұрақтар қолтаңбамен авторлық сыйлықпен марапатталды.
Бүгін, 2022 жылдың 22 сәуірінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті базасында Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Қостанай және Ресейдің бірқатар жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтіп, конференция жұмысы қорытындыланды.