МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР МЕКЕМЕСІНДЕГІ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫНА АРНАЛҒАН ХIV«ЖҰЛДЫЗДЫ ЖОЛ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы
XІV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының қалалық кезеңін 2022 жылдың 22 сәуірінде №65 «Бал бала» балабақшасында оқыту мен тәрбиелеу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілетін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің аудандық кезеңінде І, ІІ орын иегерлері атанған тәрбиеленушілері арасында өткізді.
XІV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысқан 137 бала арасынан І,ІІ орын иеленген 45 тәрбиеленуші (оның ішінде 25-і мемлекеттік тілдегі,20-сы орыс тілді топтардан) олимпиаданың кезекті қалалық кезеңінде білімдерін сынады.
Тәрбиеленушілердің орындаған тапсырмаларын бағалап, жинаған балл санына сәйкес орындар тағайындалды.
Қазақ тілінде оқып тәрбиеленуші топтар бойынша:
І орын – 5 (№32 «Балдәурен»,№34«Ақ бидай», №54«Нұр-Ай»,№65 «Бал бала»,
№95 «Алматы» б/б)
ІІ орын – 5 (№31 «Ақ сұңқар», №45 «Самұрық», №38 «Шаттық», №67 «Шұғыла», №23 «Алтын бесік» б/б)
ІІІ орын – 4 (№75 «Балалық шақ»,№82 «Айару», №29 «Аққайың», №26 «Үміт» б/б)
Грамота – 5 (№77 «Қошақан», №19 «Балбөбек», №37 «Арман», №47 «Ақ желкен», №27 «Балауса» б/б)
Орыс тілінде оқып тәрбиеленуші топтар бойынша:
І орын – 3 (№9 «Нұршашу», №35 «Ертегі», №90 «Еркежан»)
ІІ орын – 8 (№83«Жансая», №14«Ақбөпе», №4 «Аружан», №5 «Ақбота», №1»Бәйтерек», №46 «Самал», №54 «Нұр-Ай», №89 «Қыз Жібек» б/б)
ІІІ орын – 4 (№33 «Алтын дән»,№8 «Думан»,№12 «Қарлығаш», №95 «Алматы» б/б)
Грамота – 2 (№32 «Балдәурен», №26 «Үміт» б/б).
XІV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының қалалық кезеңін ұйымдастыруда кішкентай білімпаздарды жұлдыздар алаңында қарсы алған №65 «Бал бала» балабақша (меңгерушісі Г.Диханбаева) ұжымына алғысымызды білдіреміз!