«Жас психолог мектебі» аясында өткен семинар-тренинг

2022 жылдың 21 сәуірінде №63 «Әсем-Ай» балабақшасының базасында «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің жоспарына сәйкес жас психологтер үшін «Педагогтардың эмоционалдық зияткерлігін дамыту жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке Нұр-Сұлтан қаласы балабақшаларынан 32 педагог-психолог қатысты.
Семинар-тренингтің мақсаты: жас педагог-психологтерді «эмоционалды интеллект» ұғымы және оның психолог қызметіндегі маңыздылығымен, тәжірибеде қолдану және оны дамыту техникаларымен таныстыру.
Семинар-тренингтің басында психологиялық қызмет бөлімінің аға әдіскері, психолог А. Исабекова және балабақша меңгерушісінің м.а. Ж. Ақниязова педагогтың эмоциялық интеллектісін дамытудың маңыздылығы туралы айтып, семинарға қатысушыларға жақсы және жағымды көңіл-күй тіледі.
Балабақша әдіскері Э. Динжанова семинарға қатысушыларды эмоционалды интеллект бойынша балабақшаның эксперименттік алаңының тұжырымдамасымен таныстырды.
Семинар-тренингтің теориялық бөлімінде аталған балабақшаның педагог-психологтері Сүлейменова Согдиана Ерлановна, Баранбаева Айгүл Серікқызы және Тұрысбек Ақбота Құдайбергенқызы «эмоционалды термометр» презентациясын өткізді, онда психологтар теріс және жағымды эмоциялардың маңыздылығын анықтап, «эмоционалды интеллект» ұғымымен таныстырды.
Тәжірибелік бөлімде қатысушыларды кіші топтарға бөліп, эмоционалды зияткерлікті дамытуға арналған психологиялық «сезімді анықта», «эмоцияны бейнеле» жаттығуларын өткізді, «Маша және аю» мультфильмінің үзіндісін талдады. Қатысушылардың міндеті эмоцияны (эмоционалды жағдайды) көрсету, басқа адамдардың эмоцияларын тануды үйрену және олардың эмоцияларын басқаруды үйрену болды.
Қатысушылар педагогтердің эмоционалды интеллектісін дамыту педагог-психологтің жұмысында да, әлеуметтік өмірде де өте маңызды екеніне көз жеткізді. Тренингтік жаттығулар қатысушыларға өте қызықты және әдістемелік жағынан өте пайдалы болды.
Қатысушы психологтер тренингті жақсы ұйымдастырып, қызықты ақпарат бергені және өз тәжірибелерімен бөліскені үшін 63 «Әсем-Ай»балабақшасының психологтеріне алғыстарын білдірді.
Психологиялық қызмет бөлімінің аға әдіскері Айжамал Исабекова семинар-тренингті қорытындылай келе, балабақша психологтерінің еңбектерін ерекше атап, «Астана дарыны» ДДжПСО атынан меңгерушінің м.а. Ж.Ақниязоваға,әдіскерлер Э. Динжанова, Қ.Румханға жәнепедагогикалық ұжымына семинар-тренингті ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізуге жағдай жасағаны үшін алғыс айтты.