2022 жылдың 20 сәуірінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы және «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі педагогтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ювенологиялық оқулар-2022» жастардың халықаралық ғылыми – практикалық конференциясының пленарлық отырысыныңашылуы «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі базасында өтті.
Конференцияның мақсаты: қоғамдық сананы жаңғырту және жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында жастардың мәдени практикаларының өзекті мәселелерін талқылау.
Пленарлық отырысқа Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарынан 39 жоғары сынып оқушылары мен студенттері қатысты.
Отырысты конференцияның ұйымдастырушысы, халықаралық Ювенология академиясының және Қазақстанның Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор, Александр Николаевич Тесленко ашып, жастар туралы ғылым, «Ювенологиялық оқулардың» тарихы туралы сөз етті.
Халықаралық ювенология академиясының президенті РЖҒА академигі, психология ғылымдарының докторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Юрий Александрович Клейберг және РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері, академик, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Рожков Михаил Иосифович (Мәскеу қ., Ресей) конференция қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі.
Қатысушылардың пленарлық баяндамалары жастар мәселелерінің кең ауқымын қамтыды: жастардың виртуалдық коммуникациясының ерекшеліктері, оның тәуекелдері мен фобиялары, жасырын жастар тәжірибесі және т.б. үш сағат ішінде сөз сөйлеушілердің басты назарында қазіргі заманға жастардың көзімен қарау мәселесі болды.
Конференцияда №85 мектеп-лицейінің оқушысы Назира Шайхина және №79 мектеп-лицейінің оқушысы Камилла Сазанбаеваның баяндамасы «үздік баяндама» ретінде танылса, № 79 мектеп-лицейінің оқушысы Ерназар Бакашов «үздік презентация» «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің студенті Смаилова Қайырбек «үздік эмпирикалық зерттеу» және № 47 балабақша-мектеп-гимназия оқушысы Иконникова Таисия «үздік әлеуметтік жоба» жұмыстары үшін «Астана дарыны» ДДжПСО дипломдарымен марапатталды.
Осы күні Modern Education & Research Institute-тің (Брюссель қ., Бельгия) қатысуымен "Қайтымсыз" ұрпақ: өзі туралы ғана емес ..." воршопы өтті. Z ұрпағы, центениалдар ұрпағы, снежинкалар ұрпағы, желі ұрпағы- олар кімдер? Олар немен өмір сүреді? Олардың кәсіби өмірден және бізден, оларды осы өмірге дайындайтын оқытушылардан қандай үміттері бар? Біздің студенттеріміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси көзқарастары қандай? Бұл мәселелер үш панельдік сессияда талқыланды:
Ұрпақтар теориясы: мифтер мен шындық (модератор: Инга Милевич, Латвия).
Жастардың өмірлік жоспарлары мен құндылық ұстанымдары (модератор: М.И. Рожков, Ресей).
«Центениалдардың» ұрпағы: саяси ұстанымдар (модератор: А. Н.Тесленко, Қазақстан). Виртуалды әңгіме Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Белоруссия және Еуроодақ елдерінің оқушыларын, студенттерін, ересектерін біріктірді. Талқылау барысында жас ұрпақ қоғамда өз орнын табуға белсенді, тәуелсіз, мақсатты, өзіне сенімді адамдар ретінде көрінді. Ертең, 21 сәуір күні № 47 балабақша-мектеп-гимназия базасында Қазақстандық ювенологиялық мектептің негізін қалаушы, халықаралық ювенология академиясының академигі, Қазақстанның Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ) профессор Александр Николаевич Тесленконың мерейтойына арналған «Ғалымға 10 маңызды сұрақ» ток-шоуы өтеді. Халықаралық ғылыми-конференцияға қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз!