Мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі мектепалды даярлық топтарына арналған XІV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының қалалық кезеңі

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы XІV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының қалалық кезеңін 2022 жылдың 22 сәуірінде №65 «Балбала» балабақшасында (Қараменде Би Шақаұлы к, 5/1) оқыту мен тәрбиелеу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілетін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің аудандық кезеңінде І, ІІ орын иегерлері атанған тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырып өткізеді.
XІV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының қалалық кезеңіне алдыңғы аудандық кезеңдегі барлық 137 қатысушы арасынан І, ІІ орын иеленген 47 тәрбиеленуші жолдама алды, оның ішінде 26-сы мемлекеттік тілдегі, 21-і орыс тілді топтардан.
Кішкентай қатысушыларға сәттілік тілейміз!