«Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығының» педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету шеңберінде алдын алу – ағарту іс-шаралары өтті.
16.04.2022 ж. «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу бөлімі ПДО-да сабақ беретін пән мұғалімдері үшін кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу шеңберінде онлайн форматта вебинар өткізді, 29 пән мұғалімдері қатысты.
18.04.2022 ж. ПДО – да жұмыс істейтін педагогтер мен тәрбиешілер үшін көшпелі практикалық семинар өткізілді. Екі іс-шара да «Дағдарыстық жағдайға тап болған балалармен қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында өткізілді, оған 23 педагог қатысты. Екі іс-шарада барлығы 52 педагог қамтылды.
Іс-шараға қамқоршылық кеңестің төрағасы Сағындық Фарида ПДО қызметінің ерекшелігін ескере отырып, коллективтің кәсіби құзыреттілігін жүйелі түрде арттыру және дағдарыстық ситауациялардағы балалармен жұмыс істеуде педагогтердің дағдыларын жетілдіру қажет екенін атап өтті.
«Астана дарыны» орталығының психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Г.К. Капанова жасөспірімдердің дағдарыс жағдайындағы мінез-құлқының ерекшеліктерін, олар қандай қиындықтарға жиі ұрынатынын және балалардың проблемаларға әр қилы жауап беруі туралы айтып берді. Мұғалімдер үшін жүйке «босату» және қолдау үшін қандай жағдайлар жасау керек екендігі; жасөспірімнің уайымына ересек адам немқұрайды қарамайтыны туралы түсінік беру; жасөспірімді депрессия күйде жалғыз қалдырмау; оған өзінің маңыздылығын сезінуге мүмкіндік беру және шешілмейтін проблемалардың жоқтығы туралы түсінік беру керек екені айтылды.
Психолог- практик Г. К. Капанова баланың дағдарыстық жағдайда не сезінетінін, төтенше жағдайдағы баланың қандай белгілері пайда болуы мүмкін екенін, мұғалімге жасөспірім көмекті қабылдауын көндіре білуге және проблемаларын жасырмауға қалай сендіруге болатынын айтты.
Педагогтер орталыққа келіп түскен балалардың өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлқының белгілерін тану туралы ақпарат алды. Сондай-ақ, семинарда жасөспірімдермен сенімді қарым-қатынасты қалай нәтижелі құруға болатындығы және жасөспірімді өз орталығының психологіне уақтылы бағыттай білу қаншалықты маңызды екендігі туралы ұсыныстар берілді.
Семинарға қатысушылар әсерлі роликтерді тамашалады, дағдарыс жағдайындағы балалармен жұмыс жасауда педагогтердің білімін арттырудың қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті. Педагогтер осы тақырыпқа қызығушылық танытты, осындай кездесулердің пайдасы мен өзектілігін жоғары бағалады.