Бүгін, 2022 жылдың 18 сәуірі күні «Ustudy» орталығының базасында 9-11 (12) сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды.
Республикалық олимпиада жергілікті жерлерде облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, ағымдағы жылдың 18-22 сәуір аралығында «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша прокторинг жүйесін пайдалана отырып өткізіледі. Республикалық олимпиадада Нұр-Сұлтан қаласын 193 қатысушыдан тұратын мектеп оқушыларының құрама командасы қорғайды, оның ішінде 99-ы қоғамдық-гуманитарлық, 94-і жаратылыстану-математикалық бағыт оқушылары. Елордалық оқушыларға жақсы көрсеткіш, жүлделі жетістіктер тілектеспіз!