Әл Фараби атындағы оқушылар сарайын мерейтойымен құттықтаймыз!

Балалар өмірінде қосымша білім беру өте маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда бала дарынын дамыту, жастардың шығармашылық бағытта шыңдалуы жолында атаулы сарайдың еңбегі зор.
Оқушылар сарайы заманауи технологияларды қолданып, қосымша білім беру жүйесінде қарқынды дамып келеді.
Дәл осы білім ордасы жас ұрпақты білім мен ғылымға, өнер мен спортқа баулып, талай таланттың тұсауын кесуде.
«Астана дарыны» ДДжПСО ұжымы Сарай ұжымын 10 жылдығымен құттықтайды және шығармашылық табыс тілейді.