«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 16 сәуір күні 8-11 сынып оқушыларына арналған І қалалық «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңін №61 орта мектеппен бірлесе отырып өткізді.
Мақсаты: Қаныш Сәтбаев мұрасын кеңінен насихаттай отырып, Қазақстанның дамуындағы ғалымның ғылыми мол мұрасын дәріптеу.
Конкурсқа елорданың 41 білім беру мекемесінен 113 жұмыс ұсынылды. Сараптама қорытындысы бойынша 75 жоба ІІ кезеңге өтті.
Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін жоғары оқу орындарының доценттері, ғылым кандидаттары мен Phd докторанттарынан қазылар алқасы құрамы бекітілді. Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.
Қаныш және жаратылыстану ғылымы бойынша:
І орын- №61 ОМ
ІІ орын- №54 МЛ, №73 МЛ, №82 Дарын МЛ
ІІІ орын- №52 МГ, №61 ОМ, №67 МГ, №69 МГ
Грамота- №61 ОМ, №70 МЛ, №82 Дарын МЛ, №90 МГ, №50 МЛ
Қаныш Сәтбаев мұрасы (тарих, әдебиет, музыка) бағыты бойынша:
І орын – №56 МЛ, №87 МГ
ІІ орын – №8 МЛ, №26 МГ,№73 МЛ,
ІІІ орын – №31МГ, №48 МЛ, №61ОМ, BINOM «ТАНЫМ», BINOM «ТҰРАН»
Грамота – №4 МГ, №7 МГ,№ 8 МГ, №61 ОМ, №38 МЛ, №50 МЛ, № 51 МГ (2), №52 МГ, №67 МГ
Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!