Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада облыстық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі

Бүгін, 16 сәуірде № 54 мектеп-лицейінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Облыстық ( қалалық) кезеңде барлығы 1443 елордалық оқушы бақ сынасты, оның ішінде 634-і жеңімпаз және жүлдегер атанды (І орын-84; ІІ орын-210; ІІІ орын – 340 оқушы).
Қалалық кезеңде жүлделі орын бойынша алдыңғы үздік үштіктен көрінген мектептер марапатталды.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Үздік олимпиадалық команда-2022» атанған мектеп-гимназиялар:
І дәрежелі диплом- #3 мектеп-гимназиясы; ІІ дәрежелі диплом-#6 гимназия; ІІІ дәрежелі диплом-#86 мектеп-гимназиясы.
Мектеп-лицейлер арасында:
І дәрежелі диплом- #60 мектеп-лицейі; ІІ дәрежелі диплом- #62 мектеп-лицейі, ІІІ дәрежелі диплом-#66 мектеп-лицейі.
Мамандандырылған мектептер арасында:
І дәрежелі диплом- ер балаларға арналған «Білім-инновация»лицей-интернаты, ІІ дәрежелі диплом-#9″ Зерде» ММ, ІІІ дәрежелі диплом-қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты.
Жеке білім беру мекемелері арасында:
І дәрежелі диплом-«NURORDA» лицейі, ІІ дәрежелі диплом-«Экономикалық лицей», ІІІ дәрежелі диплом-«Елордалық» лицейі.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша мектеп-гимназиялар арасындағы үздік олимпиадалық командалар:
І дәрежелі диплом- #3 гимназия, ІІ орын-#6 гимназия, #17 мектеп-гимназиясы; ІІІ дәрежелі диплом-#46 мектеп-гимназиясы.
Мектеп-лицейлер арасында:
І дәрежелі диплом-#70 мектеп-лицейі, ІІ дәрежелі диплом- #66 мектеп-лицейі, ІІІ дәрежелі диплом-#72 мектеп-лицейі;
Мамандандырылған мектептер арасында:
І дәрежелі диплом-#82 мамандандырылған лицейі, ІІ дәрежелі диплом-«Білім инновация «лицейі (қыздар), ІІІ дәрежелі диплом- «Білім-инновация » лицейі (ер балалар) және #9 «Зерде» мамандандырылған мектебі.
Жеке білім мекемелері арасында:
І дәрежелі диплом-«Елордалық» мектебі, ІІ дәрежелі диплом-«NURORDA» МЛ және «Экономикалық лицей», ІІІ дәрежелі диплом- «Центральная».
«Абсолютті жеңімпаз-2022» номинациясының иегері-«NURORDA» мл 11 сынып оқушысы Назарбай Нұрдәулет.
Олимпиаданың ең жас қатысушысы болып, 9 сынып тапсырмаларын орындап жүлделі орынды иеленген-8 сынып оқушысы Әлінұр Несіпбек (БИЛер).
Республикалық олимпиадада Нұр–Сұлтан қаласының атынан 193 оқушы қатысады, оның ішінде 99 оқушы – қоғамдық-гуманитарлық бағытта, 94 оқушы – жаратылыстану-математикалық бағытта.
Олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

ФОТО

https://drive.google.com/drive/folders/1YhccgpBw8fVBkKILAIc6q3Ww_mk1lWBV