І қалалық «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» ғылыми жобалар конкурсы

2022 жылғы 16 сәуір күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен №61 орта мектебі бірлесе отырып ұйымдастырылған 8-11 сынып оқушыларына арналған І қалалық «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтіп жатыр.
Конкурстың мақсаты: Қаныш Сәтбаев мұрасын кеңінен насихаттай отырып, Қазақстанның дамуындағы ғалымның ғылыми мол мұрасын дәріптеу.
Конкурс екі кезеңде өтуде:
1-кезең – іріктеу кезеңі (ғылыми жобалар сараптама)
2-кезең – қалалық кезең
Ережеге сәйкес конкурс екі бағыт бойынша өткізілді:

  1. Қаныш және жаратылыстану ғылымы
  2. Қаныш Сәтбаев мұрасы.
    Жалпы іріктеу кезеңіне 113 жұмыс ұсынылды. Сараптамадан Қаныш және жаратылыстану ғылымы бағыты бойынша -26, Қаныш Сәтбаев мұрасы бағыты бойынша-49 жұмыс қалалық кезеңге өтті.