2022 жылдың 16 сәуірінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы № 9 «Зерде» мамандандырылған мектебі базасында Қазақстандық математика мұғалімдері қауымдастығымен бірлесе отырып, жас математик мұғалімдерге арналған олимпиада өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – ұстаздардың беделін арттыру, кәсіби шеберлігін насихаттау, ұстаздармен қарым-қатынас жасау.
Олимпиадаға білім беру мекемелерінен 100-ге жуық жас математик мұғалімдер қатысты.
Олимпиада қорытындысы жұмыстар тексеріліп, қорытыланған соң жарияланады.
Қатысушыларға «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен Қазақстандық математика мұғалімдері қауымдастығының сертификаттары табысталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, грамоталармен марапатталады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!