МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР МЕКЕМЕСІНДЕГІ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫНА АРНАЛҒАН ХIV«ЖҰЛДЫЗДЫ ЖОЛ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы орыс тілінде оқытып, тәрбиелейтін балабақшалардағы мектепалды даярлық топтары арасында XIV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңін 2022 жылғы сәуір айының 15-і күні №95 «Алматы» балабақшасында өткізді.
Бұл күні 48 балабақшадан 48 кішкентай қатысушыны №95 «Алматы» балабақшасы электроника әлемінде қарсы алды.
Қатысушылар «жұлдызды станцияларға» кезекпен тоқтап, тілдік қорын, логикалық және шығармашылық ойлауын, қоршаған орта туралы түсінігін қамтыған тапсырмаларды орындады.
Тәрбиеленушілердің жинаған ұпай санына сәйкес аудандар бойынша жүлдегерлер анықталды.
Сарыарқа ауданы ( 18 қатысушы):
I орын – 6 (№14 «Ақбөпе»,№25 «Таңшолпан», №35 «Ертегі», №4 «Аружан», №5 «Ақбота», №8 «Думан» б/б )
II орын – 2 (№72 «Жанарым», №96 «Аяла» б/б)
III орын – 5 (№11 «Гаухар», №30 «Қайнар», №39 «Меруерт», №46 бала-бақша мектеп кешені, №6 «Көктем» б/б )
Грамота – 2 ( №13 «Тұлпар», №22 «Әлем» б/б).
Алматы ауданы бойынша (13 қатысушы):
І орын – 2 (№33 «Алтын дән», №83 «Жансая» б/б)
ІІ орын – 2 (№9 «Нұршашу», №32 «Балдәурен» б/б)
ІІІ орын – 3 (№24 «Айналайын», №59 «Аққанат», №60 «Арай» б/б)
Грамота – 3 (№69 «Еркемай», №74 «Дәурен»,№34 «Ақ бидай» б/б).
Байқоңыр ауданы (9 қатысушы):
І орын – 2 (№26 «Үміт», №46 «Самал» б/б)
ІІ орын – 2 (№1 «Бәйтерек», №№12 «Қарлығаш» б/б)
ІІІ орын – 5 (№10 «Бөбек», №16 «Шағала», №28 «Жұлдыз», №33 балабақша-мектеп кешені, №23 «Алтын бесік» б/б)
Есіл ауданы (8 қатысушы):
І орын – 3 (№89 «Қыз Жібек», №90 «Еркежан», №87 «Қадыр» б/б)
ІІ орын – 2 (№54 «Нұр-Ай», №95 «Алматы» б/б)
ІІІ орын – 1 (№64 «Асыл бөбек» б/б)
Грамота – 1 ( №53 «Мерей»).
Интеллектуалдық олимпиаданың бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылған семинар жұмысында «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Г.Капанова мектеп жасына дейінгі мекемелеріндегі педагогтерімен «Қарапайым балалардың ерекше қабілеттері» тақырыбында семинар жұмысын жүргізді. Сонымен қатар №95 «Алматы» балабақша психологі А.Камбар «Эмоционалды күйзеліс және оның алдын-алу» тақырыбында семинарға қатысуышы тәрбиешілермен тренинг өткізді.
XIV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңін өткізуде қосқан үлестері үшін №95 «Алматы» (меңгерушісі А.Смакова) балабақшасының ұжымына алғысымызды білдіреміз.
XIV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасы аудандық кезеңінің І,ІІ орын жүлдегерлері атанған 47 бала (жалпы қатысушы санынан 34%) сәуір айының 22-сі өтетін олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысады.
Балалардың жолы жұлдызды, бағындырары биік болсын!