«Астана дарыны» ДДжПС орталығының «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 11-14 сәуір аралығына жоспарланған елорда мектептері (№№23,34,13,29) түлектерінің моральдық-психологиялық хал-ахуалын арттыру мен болашақ мамандықтарын таңдау жолында бағыт бағдар беру мақсатында арнайы тренингтік іс-шаралар жүзеге асырылды. Тренинг барысында оқушылар командалық жұмыс жасау мен ой ұшқырлығын көрсете білді (фантазия, қабілет, шеберлік…). Сонымен қатар, тренинг соңында оқушылар бір-біріне өздерінің ізгі тілектерін білдірді.
![](https://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2022/04/0-40-930x620.jpg)