2022 жылдың 12 сәуірінде Ғылым күні аясында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ғылыми кеңесшісі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор А. Н. Тесленко Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының залында «Эрудитум» интеллектуалды ойынын өткізді.
Ойынға Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарынан көшбасшы 48 оқушы қатысты.
Мақсаты: білімді жалпылау, жүйелеу, стандартты емес жағдайларда мета-пәндік білімді қолдана отырып, дұрыс жауап таба алатын білімді жастарды анықтау, оқушылардың жеке ерекшеліктерін дамыту және командада жұмыс істеу мүмкіндігін жетілдіру.
Зияткерлік викторина жеті түрлі турдан тұрды: «Спринт эрудитов», «Ақыл-ойды жылыту», «Гуманитарлық калейдоскоп», «Қара жәшік», «Білім аукционы», «Мимикон» және «Риторикалық шайқас». Ойынды білікті қазылар алқасы ЕҰУ криминалистикалық зертханасының жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, полиция подполковнигі В. В. Салиенко, «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Г.К. Қапанова және бөлімінің педагог-психологі К.М.Хамзина К. М бағалады.
Бірінші іріктеу турында ойынның 9 қатысушысы анықталып, олар үш командаға бөлінді. Балалар команда капитандарын таңдап, стандартты емес «H₂O», «Меценаттар» және «6» атауларын ойлап тапты – оқушылар команданы өз мектебінің құрметіне атады. Әр турда қатысушыларды қызықты тапсырмалар күтіп тұрды, залдағы тыңдаушыларда белсенділік танытып, жанкүйер болды, олар ойынды үлкен қызығушылықпен бақылап қана қоймай, сонымен қатар жүргізушінің сұрақтарына жауап беруге тырысты.
Көрермендер арасында №1 мектеп- лицейінің 10 «А» сынып оқушысы Қабдулин Асанәлі зияткерлік әлеуетімен ерекшеленді.
Жеті турдың қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды.
3 орын – «H₂O» командасы- Исахан Арлан № 60 МЛ 9 сынып оқушысы , Жайлашев Батырхан №72 МЛ 10 «В» сынып оқушысы, Жақсылықова Дана № 10 МГ 11 «В» сынып оқушысы.
2 орын – «Меценаттар» командасы – Жоламан Әлібек № 72 МЛ 9 «Ж» сынып оқушысы, Дрютов Константин № 3 МГ 10 «В » сынып оқушысы, Фриген Маргарита № 6 гимназиясының 11 «Б»сынып оқушысы.
1 орын – «6» командасы – № 6 гимназияның барлық оқушылары: Сарайев Еділ 11″ Б «сынып, Малашенко Данил 9 «А»сынып, Болбас Юлия 9 «А» сынып..
Команда қатысушылары мен ең белсенді қатысқан тыңдаушылар дипломдармен марапатталды, және 4 белсенді ойыншы профессор А.Н. Тесленконың авторлық кітаптарын сыйлыққа алды. Іс – шара соңында балалар өткізу формасы, ойын атмосферасы ұнады және оқушыға өзінің зияткерлік қабілеттері мен әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді деген жағымды пікірлер қалдырды.