МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР МЕКЕМЕСІНДЕГІ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫНА АРНАЛҒАН ХIV«ЖҰЛДЫЗДЫ ЖОЛ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ


Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің білім рейтингін көтеру, балаларды мектепке дайындау жоспары аясында, олардың шығармашылық қабілетін және интеллектуалдық іс-әрекетке қызығушылығын дамыту мақсатында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік тілде оқытып, тәрбиелейтін балабақшалардағы мектепалды даярлық топтары арасында XIV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңін 2022 жылғы сәуір айының 14-і күні №54 «Нұр-Ай» балабақшасында өткізді.
Интеллектуалдық олимпиадаға Ережеге сәйкес 1 тәрбиеленушіден 89 балабақша қатысты.
Қатысушылар «жұлдызды станцияларға» тоқтап, тілдік қорын, логикалық және шығармашылық ойлауын, қоршаған орта туралы түсінігін қамтыған тапсырмаларды орындады.
Тәрбиеленушілердің жинаған ұпай санына сәйкес аудандар бойынша жүлдегерлер анықталды.
Сарыарқа ауданы (25 қатысушы):
I орын – 4 (№29 «Аққайың», №31 «Ақ сұңқар», №65 «Бал бала», №45 «Самұрық» б/б)
II орын – 1 (№19 «Балбөбек» б/б)
III орын – 5 (№14 «Ақбөпе», №5 «Ақбота», №51«Алтын сандық», №61 «Шолпан», №72 «Жанарым» б/б)
Грамота –10 (№11«Гауһар», №2 «Батыр», №25 «Таңшолпан», №35 «Ертегі», №4 «Аружан», №40 «Құлпынай», №41 «Балдырған», №85 «Мейіржан», №96 «Аяла», №55 «Қарақат» б/б).
Алматы ауданы бойынша(26 қатысушы):
І орын – 3 (№32 «Балдәурен», №34 «Ақ бидай», №47 «Ақ желкен»)
ІІ орын – 4 (№37 «Арман», №38 «Шаттық», №49 «Алтынай», №67 «Шұғыла», б/б)
ІІІ орын – 5 (№33 «Алтын дән», №36 «Балапан», №60 «Арай», №79 «Шабыт», №9 «Нұршашу» б/б)
Грамота – 7 (№66 «Толағай», №7 «Аққу», №71 «Мөлдір», №73 «Аяулым», №74 «Дәурен», №8 «Думан»,№81 «Әсемгүл»).
Байқоңыр ауданы (14 қатысушы):
І орын – 1 (№1 «Бәйтерек» б/б)
ІІ орын -4 (№10 «Бөбек», №27 «Балауса», №26 «Үміт», №23 «Алтын бесік» б/б)
ІІІ орын – 2 (№18 «Аяжан», №43 «Қызғалдақ» б/б)
Грамота – 4 (№12 «Қарлығаш», №33 балабақша кешені, №17 «Ертөстік» б/б).
Есіл ауданы (24 қатысушы):
І орын – 3 (№53 «Мерей», №54 «Нұр-Ай», №82 «Айару»б/б)
ІІ орын – 6 (№64 «Асыл бөбек», №68 «Балбұлақ», №75 «Балалық шақ», №76 «Әдемі», №77 «Қошақан», №95 «Алматы»)
Грамота – (№62 «Нұрсәуле», №84 «Кәусар», №91 «Еңлік», №15 «Дарын», №78 «Асыл» б/б).
Интеллектуалдық олимпиаданың бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылған семинар жұмысында «Астана дарыны»ДДДжПСО директоры Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы орталықтың мектеп жасына дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілерге арналған жобаларына шолу жасап, дарындылықты қолдау бағытына тоқталды, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Боранбаева Майра Сарсенхановна балабақша педагогтерімен әдістемелік қызмет турасында сөз кезегін алса, «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің аға әдіскері А. К. Исабекова тәрбиешілермен «Мектепке дейінгі жастағы балалардың дарындылығын дамыту үшін жағдай жасау» тақырыбында семинар жұмысын жүргізді. Балабақша психологтері А. Ахметова,
А.Таңатарова, А. Рахымбаева семинарға қатысуышы тәрбиешілермен танымдық психологиялық жаттығулар өткізді.
Кішкентай қатысушыларды «The best stars – ғарыш әлемінің» тұрғыны кейіпкерлері ретінде қарсы алып, жұлдызды жолдарын өтіп шығуында қосқан үлестері үшін №54 «Нұр-Ай» (меңгерушісі М.Бакитова) балабақшасының ұжымына алғысымызды білдіреміз.

📸

📸 Олимпиада фото
⬇️⬇️⬇️
https://disk.yandex.kz/d/hRI67muspqhWaA