2022 жылдың 12 сәуірінде Ғылым күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен «Астана дарыны» ДДжПС орталығы Жастар конгресі мен Елбасы академиясының, IT университеті , Bilim Land инновациялық компаниясы, STEM академиясы , елордалық «Robotec» мектебі және әл- Фараби атындағы оқушылар сарайының қолдауымен «Ғылым – ғажайып әлем» атты жетістіктер интерактивті көрмесін ұйымдастырып, өткізді..Бұл іс-шараның мақсаты – ғылым жетістіктерін кеңінен насихаттау, оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық деңгейін көтеруге ұмтылысын қалыптастыру.Интерактивті көрмеге келушілерге өмір сүру сапасын жақсартатын және заманауи адамның жаңа перспективаларын ашатын ғылымның жетістіктері туралы түсінік берілді. Оқушылар сарайының 1177 шаршы метр алаңын қамтыған жетістіктер көрмесі келушілерге өмір сүру сапасын жақсартатын және заманауи адамның жаңа перспективаларын ашатын ғылымның жетістіктері туралы түсінік беріп, қызықты көріністерді тамашалауға мүмкіндік берді. 7 аймақтан тұратын әртүрлі форматтағы іс-шаралар: ақыл-ой ойындары; ойын-сауық аймақтары – 3D әлемі, IT аймағы; TEDx форматындағы қойылымдарға арналған платформа; ғылыми жобалардың тұсаукесері және «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық конкурстары – барлығына қолжетімді және барша аудиторияға – оқушыларға, студенттерге, тәрбиешілерге арналды. Көрмеге келушілер республикалық конкурстарда жоғары бағаға ие болған жас ғалымдардың ғылыми жобалар мен жұмыстарын үлкен ықыласпен тыңдап, қызығушылық танытса, химиялық шоуларға белсене қатысып, ғылым кеңістігінің ғажайып әлеміне еніп кетті. «Open Talk» аймағында табысты көшбасшылар TEDx форматында өз жетістіктері жайлы әңгімелеп, оқушыларға алға қойған мақсатқа жету жолының қыр – сырымен бөлісті. Ғылымды дамыту және насихаттау – адам өмірінің барлық салаларын жаңартудың ең маңызды факторы, жастарды қоғам өміріне тарту үшін маңызды рөл атқарады. Ендеше бүгінгі «Ғылым – ғажайып әлем» атты жетістіктер интерактивті көрмесі жарқын сәттерімен әр қатысушының есінде қалары анық.