Елордалық жеңімпаздарды құттықтаймыз!


2021-2022 оқу жылындағы халықаралық Жәутіков олимпиадасының нәтижесі бойынша елордалық 7 жас зияткер үздік техникалық университеттердің бірі – Қазақстан-Британ техникалық университетінде оқуға 100% жеңіп алды.
Сам Фетуллах (Spectrum), Алихан Алпысбеков, Нурдаулет Абсаттаров (БИЛер), Данил Баймульдин (экономикалық лицей) мен Мерей Темирзинова (HAILEYBURY) – 5 математигіміз бен Нурдаулет Назарбай (Nurorda), Кенжебек Асылхан (Spectrum) сияқты 2 физигіміз – жыл сайын халықаралық интеллектуалды олимпиадалардың алтын, күміс, қола медальдарын иеленіп келеді.
«Астана дарыны» ДДжПСО елордалық дарындарды грант иеленуімен құттықтайды және болашақта да жетістіктерге жете берулерін тілейді!