Жасөспірімдер олимпиадасы

Бүгін, 2022 жылдың 13 сәуірінде #50 мектеп-лицейі базасында математика, физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша жасөспірімдер олимпиадасының облыстық (қалалық) кезеңі басталды. Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының аудандық кезеңінен өткен 7-8 сынып оқушылары қатысуда. Олимпиада қорытындысы бойынша ең үздік 10 оқушы жасөспірімдер олимпиадасының республикалық кезеңіне жолдама алады. Жас дарындарға жоғары көрсеткіш пен жеңіс тілейміз!