3-4 СЫНЫПТАР АРАСЫНДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ БОЙЫНША МАРАПАТТАУ РƏСІМІ ӨТТІ

2022 жылдың 9 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №70 мектеп-лицейінде республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рəсімі өтті.

2021-2022 оқу жылының жоспарына сəйкес, ақпан айында 3-4 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа»  олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Оған Нұр-Сұлтан қаласының 104 мектебінен 6307 оқушы қатысты.

Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нəтиже көрсеткен оқушылар іріктеліп,  436 оқушы қалалық кезеңге қатысты.

Олимпиаданың қалалық кезеңінде мектеп оқушылары қаламыздың төрт ауданы бойынша іріктеліп, «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ 2022 жылдың 24 ақпандағы №104 бұйрығымен төмендегі мектептерде офлайн форматта өткізілді:

№56 мектеп-лицейі – Сарыарқа және Байқоңыр аудандары;

№70 мектеп-лицейі  – Алматы және Байқоңыр аудандары;

№81 Astana English school – Есіл ауданы;

Қатысқан 436 оқушының 68-ы үздік нəтиже көрсетіп (3 сыныптан 32 оқушы, 4 сыныптан 36), жеңімпаз атанды.  Оларға ақшалай сыйлықтар табысталып, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту жəне психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің  дипломдарымен марапатталды

Жақсы нəтиже көрсеткен 28 оқушыға грамота берілді.

Жеңімпаздарды құттықтай отыра, жаңа білім шыңдарын бағындыруда сəттілік тілейміз!