2022 жылдың 9 сәуір күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия» КММ бірлесіп, қалалық «Бір ғалымды көрсеңіз…» атты ІІ Абай ғылыми жоба байқауын өткізді.
Мақсаты: Абайдың мұрасын зерттеу арқылы бүгінгі жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Жас таланттардың шығармашылықтарын шыңдау және болашаққа бағыт-бағдарын анықтау.
Байқауға қала бойынша жалпы білім беретін орта мектеп, мектеп-гимназия, мектеп-лицейлерінің 34 мектебінен сұраныс түсті. Сараптама қорытындысы бойынша 51 оқушы ІІ кезеңге өтті.
Ғылыми жобаның бірінші кезеңінен (іріктеуден) өткен оқушылар байқаудың екінші кезеңін офлайн форматта (тікелей эфирде) қорғады.
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін комиссия құрамы бекітіліп, қазылар алқасы жоғары оқу орындарының әлеуметтік-гуманитарлық пәндерінің профессорлық-оқытушылық құрамынан, ғылыми-сарапшылық топ мүшелерінен құралды.
Тілтану бағыты бойынша:
І орын –№83 МГ;
ІІ орын –№70 МЛ;
ІІІ орын – №87 МГ;
Грамота – №38 МЛ, BINOM «Тұран» МЛ;
Әдебиеттану бағыты бойынша:
І орын –№66МЛ, №86МГ, №70МЛ;
ІІ орын –№50МЛ, №51МГ, №55ОМ, №61ОМ, №64 МЛ, №67Г, №87МГ, BINOM «Таным» МЛ;
ІІІ орын –№28МЛ, №38 МЛ, №50МЛ, №64МЛ, №67Г, №68, №74МГ, №85МЛ, №86 МГ, BINOM «Ұлы дала» МЛ;
Грамота -№24ОМ, №26МГ, №50МЛ, №64МЛ, №70МЛ, №72МЛ;
Қалалық «…Бір ғалымды көрсеңіз» атты ІІ Абай ғылыми жоба байқауының өтуіне қосқан үлестері және ұйымдастыру жұмысына атсалысқандары үшін №87 мектеп-гимназиясының әкімшілігі мен ұстаздарына алғыс айтамыз! Ұлы ақынның жастарды рухани қасиеттерге тәрбиелейтін құнды қазыналарын таныту жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!