«Қарым-қатынас шеберханасы» оқыту семинары

2022 жылғы 7 сәуірде «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімі «Жас психолог мектебі» аясында мектеп және колледж педагог-психологтері үшін оқыту семинарын өткізді. Семинарға мектептер мен колледждердің 42 педагог-психологі қатысты.
«Қарым-қатынас шеберханасы» семинары жасөспірімдердің қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған психологиялық әдістемелері барысында психологтердің практикалық тәжірибе алмасуы үшін ұйымдастырылды.
«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің жетекшісі Г.К. Капанова ата-аналармен және балалармен жұмыста қолдануға болатын тренингтердің элементтерін көрсетті. Психологтер балалармен тренингтер мен профилактикалық әңгімелер өткізуге арналған бейне материалдарды тамашалады.
«Астана дарыны» ЦРОиПСО педагог-психологі К.М. Хамзина теориялық тұрғыда психолог жұмысында әртүрлі жаттығуларды қолданудың маңыздылығын атап өтті, іс жүзінде тиімді коммуникацияға кедергі келтіретін оқушылардың ішкі қысымшылықтарын жою және тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру әдістемелерін көрсетті.
Тренингтердің барлық элементтері семинарға қатысушылардың қызығушылығын тудырды, сондай-ақ психологтер мұндай кездесулердің әдістемелік құндылығын, оларды жасөспірімдердің қарым-қатынастағы қиындықтарды жеңу жұмысында қолдану мүмкіндігін атап өтті.