«Шет елде білім алудың қолжетімділігі» онлайн-вебинары

«Астана дарыны» ДДжПСО «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 07 сәуір күні сағат 14.00-де шетелде білім алу бойынша жұмыс жүргізетін компания өкілдерінің қатысуымен («GSC STUDY» компаниясы; «Turkey Education» компаниясы; «ЕDUTREND» компаниясы; «Atlas School» мектебі) елорда мектептерінің 11 сынып оқушыларына арналған онлайн-вебинар өткізілді.

Аталған вебинар, мектеп түлектері үшін шетелде білім алудың қолжетімді мүмкіндіктері мен сирек кездесетін мамандықтарды меңгеру, университеттер туралы және қабылдау ережелері мен дайындық бағыттары бойынша толық ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, вебинар барысында компания өкілдерінің тарапынан түлектерді қызықтырған біршама сұрақтарға жауап беріліп, кері байланыс орнатылды.