«Жас психолог мектебі» аясында өткен оқыту семинары

  2022 жылдың  7 сәуір күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық  сүйемелдеу орталығының  психологиялық  қолдау бөлімінің  ұйымдастыруымен  колледж  педагог-психологтеріне   «Медиация педагогикалық қақтығыстарды  реттеу құралы ретінде» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға  Нұр-Сұлтан  қаласы  колледждерінен 27 педагог-психолог қатысты

       Семинар мақсаты:  Нұр-Сұлтан қаласының  техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогтердің  жанжалсыз коммуникация мен медиация дағдыларын қалыптастыра отырып, психологиялық құзіреттілігін дамыту.

       Семинарда «Астана дарыны» ДДжПСО  ғылыми кеңесшісі, п. ғ. д ,

 ә. ғ д (ҚР), профессор А.Н Тесленко өзінің бағдарламасымен  жұмыс жүргізу,  тиімді коммуникация техникасы және медиация технологиясымен таныстырып, оны қолдану тәсілдері туралы  тәжірибесімен  бөлісті.

       Бағдарламаның  негізгі қағидалары еріктілік, құзыреттілік, жеке көзқарас, ашықтық, кері байланыстың тұрақтылығы, педагогикалық этиканы сақтауда қолданатын  әдістемелердің ерекшеліктеріне тоқталып, бағдарламаның тәсілдерін қолдануды тәжірибеде көрсетті. Бағдарламаның тиімділігі, маңыздылығы қатысушылардың  қызығушылығын тудырды.

       Кері байланыста қатысушылар семинардың  әдістемелік  жағынан пайдалы болғанын айтып және алдағы болатын семинарларға өз ұсыныстарын білдірді.