«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылдың 6 сәуір күні «Дарынды балаға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық сараптама кезеңін өткізді (бұдан әрі-Олимпиада).
Мақсаты- жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге болашақ мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Олимпиаданың іріктеу кезеңіне 46 білім беру мекемелерінен (43 мектеп, 3 колледж) 102 жас педагогтер, психологтер мен тәлімгерлер, педагог-ұйымдастырушылар, магистранттар және 9-11 сынып оқушыларынан құралған 22 команда қатысып, қалалық қорытынды кезеңге 35 педагог пен 16 команда жолдама алды.
Іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер үшін педагогикалық олимпиаданың қалалық қорытынды кезеңі 2022 жылдың сәуір айының 13 күні №8 мектеп- лицейінде өтеді (С.Сейфуллин көшесі, 50).