Елорда оқушыларының қоржынында 3 алтын «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының қорытындысы

2022 жылдың 29-31 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы қашықтық форматында өтті. Форумға 4 номинация бойынша Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің  11-17 жас аралығындағы оқушылары қатысты.

Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.

Ағымдағы жылдың 4 сәуір күні Форумның марапаттау рәсімі Zoom платформасында онлайн түрде өтті. 170-ке жуық оқушы қатысқан Форумда елордалық оқушылар жақсы нәтижеге қол жеткізді. Елордамыздан форумға 10 оқушы қатысып, қорытындысында 3-1 орын, 1-3 орын иеленді. Атап айтқанда:

«Осындай мамандық бар» номинациясы бойынша:

1 орын – Қараманова Ақнұрым – №81 AES гимназиясы, ағылшын тілінде;

3 орын –  Қажымұрат Байдалы – №70 мектеп-лицей, қазақ тілінде.

«Мамандықты таңдайтын уақыт» номинациясы бойынша:

1 орын – Батталова Камила – №37 мектеп-лицей, орыс тілінде.

«Менің кәсібім-менің бизнесім» номинациясы бойынша:

1 орын – Меңлен Ерлен – №82 «Дарын» мамандандырылған лицей, қазақ тілінде.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!