«Балалармен және олардың ата-аналарымен табысты қарым-қатынас жасау үшін педагогке арналған қағидалар мен ұсынымдар» тренингі

Бүгінгі таңда мұғалім мен ата-ананың, бала мен мұғалімнің өзара өнімді әрекетінің маңызды  бөліктерінің бірі – оқу, тәрбие процесіндегі сәтті қарым-қатынас құру мүмкіндігі.

2022 жылғы 1 сәуірінде «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу бөлімі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 24 орта мектеп педагогтарына арналған «Балалармен және олардың ата-аналарымен табысты қарым-қатынас жасау үшін педагогқа арналған қағидалар мен ұсынымдар» тақырыбында тренинг өткізді.                                                                                                           Аталған іс-шараның мақсаты – педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және қолдау. 

«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Капанова Г.Қ. өсіп келе жатқан тұлға үшін «Маңыздылық шеңберлері», «Бала жаны», «Негативті позитивке ауыстыру» сияқты тренингтік қолдану элементтерін пайдаланды. Әдіскер – психолог Бодикова Л.Ж. мұғалімдерге сынып ата-аналарын «Астана дарыны» ДДжПСО бөлімінің психологтері өткізетін семинарларға белсенді қатыстыруды ұсынды.                

  Психологтер «Белсенді тыңдау» әдісінде серіктеспен сұхбаттасу барысында  белсенділік таныту  мен түсінбеушілікті болдырмау тәсілін қолдануға  кеңес берді.  Сонымен қатар оқу-тәрбие процесінде мұғалімдер мен балалардың қарым-қатынасын  ынталандыруға ықпал ететін мектеп пен отбасының тиімді ынтымақтастық принциптерін талқылады.