«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңі

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 5 сәуір күні «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңін дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаттың базасында өткізетіндігін хабарлайды.
Конкурстың мақсаты – дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.
Конкурс 3 кезеңнен тұрады:

  1. І (мектепшілік) кезең;
  2. Қалалық кезең;
  3. Республикалық кезең.
    Конкурстың басталуы: сағат 09.00. Жеке қорғауға 5-7 минут (қойылатын сұрақпен бірге), командалық қорғауға 7-10 минут (қойылатын сұрақпен бірге).
    Мекен- жайы:Нұр-Сұлтан қаласы 187 көше, 17.
    Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
    1.«Жақсылық керуені» номинациясы (қатысушылардың жасы 13-14 жас);
    2.«Отаным – қасиетті туған жерім» номинациясы (қатысушылардың жасы –13-14 жас);
    3.«Мен-Қазақстанның азаматымын» номинациясы (қатысушылардың жасы – 13-14 жас);
    4.«Менің ашық университеттерім» номинациясы (қатысушылардың жасы –15-17 жас);
    5.«Менің кіші Отаным» номинациясы (қатысушылардың жасы – 13-14 жас);
    6.«Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-17 жас);
    7.«Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы (қатысушылардың жасы –15-17 жас);
    8.«Жаңғырту полюсі» номинациясы (қатысушылардың жасы 14-15 жас);
    9.«Киіз үй-ғаламның моделі» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-16 жас);
    10.«Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-16 жас).
    Конкурсқа тек сілтеме арқылы тіркелген оқушылар қатысады. Қосымша мәліметтерді мына мекен-жайдан білуге болады: «Астана дарыны» орталығы, Мәңгілік ел даңғ., 55/13, пост-5, С2.1, тел.: 87011775170.