Мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі мектепалды даярлық топтарына арналған XІV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңі

    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім рейтингісін көтеру, балаларды мектепке дайындау жоспары аясында, олардың шығармашылық қабілетін және интеллектуалдық  іс-әрекетке қызығушылығын дамыту мақсатында  «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласы мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі мектепалды даярлық топтары арасында XІV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңін  ұйымдастырып өткізетінін хабарлайды.

     Интеллектуалдық олимпиаданың аудандық кезеңі  2022 жылғы сәуір айының  14-і күні  №54 «Нұр-Ай» балабақшасында (Алматы к.,6) мемлекеттік тілде тәрбиеленіп, оқып жатқан мектепке дейінгі  білім беру мекемелері және 2022 жылғы  сәуір  айының  15-і күні  орыс тілінде тәрбиеленіп, оқып жатқан мектепке дейінгі білім беру мекемелері үшін  № 95 «Алматы» балабақшасында (Алматы,4) ұйымдастырылады.