«Ілияс Жансүгіров» оқуларының қалалық кезеңі

 «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы І. Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясымен бірлесе 2022 жылдың 19 сәуірінде 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров» оқуларының қалалық кезеңін өткізетінін хабарлайды.

Байқаудың мақсаты: жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың  әдебиеттік шығармаларға құштарлығын, қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын арттыру.

Ілияс Жансүгіров оқулары үш бағыт бойынша өткізіледі.

Қатысу туралы сұраныс 2022 жылдың 15 наурызына дейін келесі электронды поштаға 58sh2022@mail.ru жолдануы қажет.

Өтетін уақыты: 09.00-18.00

Тіркеу: 09.00-09.20

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі байланыс телефонына хабарласуыңызға болады:  8 776 978 02 92, 8 777 868 04 74.