Бүгін, 29 наурыз күні қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы екінші (практикалық) тур аяқталады. 4 күн ішінде 1443 елордалық 9-11 сынып оқушылары 16 жалпы білім беретін пәндер бойынша өз білімдерін көрсетті.
Екінші жыл қатарынан Олимпиада жаңа форматта (бекітілген кестеге сәйкес) өткізілуде.
Адалдықты сақтау мақсатында олимпиада кезінде, тапсырмалар мен оқушылардың жұмыстары және хаттамалар дәл сол күні Орталық сайтына және Телеграмм-каналға орналастырылуда.
Олимпиаданы өткізу барысында үздіксіз тікелей эфир жүргізілді.