Оқушылар олимпиадасы жалғасуда.

Жаратылыстану-математика бағытындағы қатысушылар Олимпиада эстафетасын қоғамдық-гуманитарлық бағыт оқушыларына тапсырды.
Бүгін 28 наурыз күні 9-11 сынып оқушылары ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті, өзін өзі тану пәндері бойынша (сағ. 9:00-10:00), ал сағ. 12:00-14:00 аралығында Қазақстан тарихы, Құқықтану негіздері және орыс тілінде оқытылатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен қатысады.
Олимпиада сағат 15:00-18:00-де қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі орыс тілі, француз тілі, неміс тілі пәндерінен өтеді.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!