«Өмірге «ИӘ» деп айт» ақпараттық акция аясында өткен іс- шара

2022 жылдың 18 наурызы күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі және №52 мектеп- гимназиясымен бірлесіп «Өмірге «ИӘ» деп айт!» ақпараттық ақциясының қорытынды кезеңі өткізді.
Мақсаты: баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихатпен үгітін теріс ықпалынан қорғауға қоғам назарын аударту.
Іс- шара бағдарламасы бойынша мектеп оқушыларынан құрылған «Жалын» үгітбригадасының жұмысымен жан -жақты таныстырып, «Біз бақытты баламыз!» атты флешмоб көрсетілді.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.С.Аппазова ақция аясында атқарылған іс – шараларды айтып өтті.
«Өмір қандай тамаша!» атты сурет көрмесі ұйымдастырылып, оқушылардың жұмыстары қойылды. Суретке қарап, оқушылардың өмірге құштарлығын, бояулардың түсіне қарап, көңіл-күйін және өмірдің қаншалықты тамаша екенін, қаншалықты түсінетіндерін анықтау қиын емес. Оқушылардың белсенділігінен бүгінгі балалардың өмірге деген позитивті көзқарасы айқын байқалады.
Мектеп психологтері У. Беркимбаева, Б.Наурызбекова, Ә.Әлжанова оқушылар және қатысушы психологтермен «Өмірге ия деп айт!», «Өмір деген тамаша! тренингтерін өткізіп, жағымды көңіл – күй қалыптастырды.
«Өмірге «Иә» деп айт!» қалалық ақпараттық ақция жоспар бойынша жоғары деңгейде өтті.
Іс –шараға №10,11,15,24,33,38,40,48,49,50,51,53,60,66,67,76,78,79,83, 87,90 мектептерінен 22 педагог-психолог қатысты.
Іс-шара соңында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде кері байланыс жүргізіліп, қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.
Келесі жылы оқушылармен қатар, акцияға ата-аналарды, педагогтерді белсенді қатыстырудың қажеттілігі туралы да айтылды.
Іс – шараны ұйымдастырып, өткізуге қолдау көрсеткені үшін мектеп әкімшілігіне және педагогикалық ұжымға алғыс айтамыз.