«Дағдарыстық жағдайларға тап болған балалармен және ересектермен қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері» көшпелі практикалық семинары

ҚР ТЖМ құтқарушылары (Нұр-Сұлтан Қ.) – бұл негізгі міндеті түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарды құтқару болып табылатын Төтенше жағдайлар жөніндегі кадр мамандары.

Құтқарушы – көмекке алғашқылардың бірі болып келетін адамдардың бірі. Адамдардың әл-ауқаты үшін экстримальды және төтенше жағдайларда жұмыс істей отырып, олар кез-келген уақытта көмекке келуге дайын.

Өкінішке орай, өз кәсібіне байланысты олардың жеке мәселелерін шешуге, отбасы мен балаларына әрдайым уақыт бола бермейді. Бірақ бүгінгі уақыт бізге жаңа жағдайларды талап етуде және әрбір ата-ана отбасындағы балаға көбірек көңіл бөлуге тырысуы керек.

«ҚР ТЖМ Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н.Г.Селимов өз қызметкерлерінің психологиялық әл-ауқатына қамқорлықпен оқыту семинарын ұйымдастырды.

«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімімен ынтымақтастық шеңберінде осы құрылым қызметінің маңыздылығын назарға ала отырып, «Дағдарыстық жағдайларға тап болған балалармен және ересектермен қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбына көшпелі практикалық семинар өткізілді.

          Психологиялық қызмет тобының бас маман-психологі, азаматтық қорғау подполковнигі Т.М. Шегебаева дағдарыс жағдайындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерінің маңыздылығын атап өтті.

«Астана дарыны» орталығының психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Г.К. Капанова адамның күйзеліс пен дағдарыс жағдайында өзін қалай сезінетінін айтып, экстремальді жағдайда адамда апатия, ступор, қимыл қозу, жүйке дірілі, истерия, жылау, қорқыныш, агрессия, сандырақ және галлюцинация сияқты белгілер пайда болуы мүмкін екенін атап өтті.

Семинарда құтқарушылар отбасындағы жасөспірімдермен жанжалсыз қарым-қатынасты қалай нәтижелі құру керектігі, өзінің және барлық отбасы мүшелерінің психологиялық денсаулығын сақтай білу қаншалықты маңызды екендігі туралы ұсыныстар алды.

Қатысушылардың назарына ата-ананың отбасындағы балаға назар аударуының маңыздылығы туралы әсерлі роликтер ұсынылды. Роликтер қаралғаннан кейін барлығы осы тақырыптың өзектілігін атап өтті және осындай кездесулердің пайдасы мен маңыздылығын тілге тиек етті.

Бұл тақырып тыңдаушылар арасында қызығушылық тудырды, нәтижесінде жұмыс орындарында ата-аналарға алдын-алу және психологиялық білім беру бойынша көшпелі семинарлар өткізу ұсынылды.