«Бестемше» ұлттық ойыны елорда балабақшаларында қайта жаңғырды

 «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласы тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған І қалалық чемпионат іспеттес «Бестемше» ұлттық ойын жарысы 2022 жылдың 18 наурызында №61 «Шолпан» балабақшасында дүркіреп өтті.

Ұлттық ойынға «Бестемше» ұлттық ойынын балабақша тәжірибесінде пайдалану» алаңына кіретін мектепке дейінгі 13 (№5 «Ақ бота»,№24 «Айналайын»,№25 «Таңшолпан»,№44 «Үркер»,№48 «Ақ көгершін»,№49 «Алтынай»,№51 «Алтын сандық»,№61 «Шолпан», №65 «Бал бала», №71 «Мөлдір», №77 «Қошақан», №79 «Шабыт», №85 «Мейіржан») балабақша қатысты.

   І қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысына Нұр-Сұлтан қаласы тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығының директоры Полатбеков Жандос Аббазович пен Л.Гумилев атындағы дене шынықтыру және спорт кафедрасының доценті, жоғары дәрежедегі жаттықтырушы Құланова Құралай Қадырқызы төрелік жасады.

   Ұлттық ойын жарысының қорытындысы бойынша  марапаттау жеке есепте анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар мен бала көңілін қуантқан сыйлықтар тапсырылды.

   І қалалық «Бестемше» ұлттық  жарысының алғашқы жүлделі ойыншыларын тәрбиелеген балабақшалар:

І орын – 2 (№44 «Үркер» балабақшасы, №61 «Шолпан» б/б)

ІІ орын – 4 (№5 «Ақ бота» б/б, №24 «Айналайын» б/б, №48 «Ақ көгершін» б/б, №85 «Мейіржан» б/б)

ІІІ орын – 7 (№25 «Таңшолпан», №49 «Алтынай», №51 «Алтын сандық» б/б, №65 «Бал бала» б/б, №71 «Мөлдір» б/б, №77 «Қошақан» б/б, №79 «Шабыт» б/б).

  Жеңіс тұғырын бағындырған бүлдіршіндерді Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің меңгерушісі  Ережепова Айгүл Қайратқызы  және  «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры Тұрсынов Ғаждембек  Қуанышұлы құттықтап, ұлттық ойын жарысын ұйымдастыруда қосқан үлесі үшін №61 «Шолпан» балабақшасының (меңгерушісі Махашева  Зарина  Усимбаевна)  ұжымына алғыс білдіріп, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.