«Жас психолог мектебі» аясында өткен оқыту семинары

    2022 жылғы  17 наурыз  күні  «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің  ұйымдастыруымен колледж педагог-психологтеріне «Мұғалімдердің эмоционалды  күйзелісінің алдын алу»  бағдарламасымен жұмыс бойынша тәжірибе алмасу мақсатында оқыту семинары  өтті. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінен 25 педагог-психолог қатысты.

            Семинарда  Астана Халықаралық Университетінің Педагогикалық  колледжінің педагог-психологі  Э.Емельбаева «Мұғалімдердің эмоционалды күйзелісінің  алдын алу» бағдарламасымен жұмыс жүргізу,  қолдану  тәсілдері туралы  өз тәжірибесімен бөлісті.

            Педагогтердің эмоционалды  күйзелісін анықтауда   қолданатын әдістемелердің ерекшеліктеріне тоқталып, бағдарламаны қолдануды  тәжірибеде  көрсетті.

            Бұл бағдарламаның тиімділігі, маңыздылығы катысушылардың  қызығушылығын  тудырды.  Кері  байланыста қатысушылар   семинардың   әдістемелік  жағынан пайдалы болғанын және алдағы  болатын семинарларға өз ұсыныстарын білдірді. Студенттер семинар-тренинг соңында  «Өмірге Иә деп айт!» ақпараттық акцияны флешмобпен қорытындылады.