І «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» атты қалалық ғылыми жобалар конкурсы

         «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психолгиялық сүйемелдеу орталығы мен Қ.Сәтбаев атындағы №61 орта мектебі бірлесіп, 8-11 сынып оқушылары арасында І «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» атты қалалық ғылыми жобалар конкурсын өткізетінін хабарлайды.

  Конкурстың мақсаты: Қаныш Сәтбаев мұрасын кеңінен насихаттай отырып, Қазақстанның дамуындағы ғалымның ғылыми мол мұрасын дәріптеу, оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру, дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету.

Ережеге сәйкес конкурс екі кезеңнен тұрады.

Іріктеу кезеңі (ғылыми жобалар сараптамадан өтеді) – 5 сәуірге дейін жұмыстар 61mektepnursultan@gmail.com мектеп поштасына жіберіледі. Сараптаманың қорытындысы  11 сәуір күні жарияланады.

Қалалық кезең – 16 сәуір күні Қаныш Сәтбаев атындағы№61 орта мектепте өтеді (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Конституция 33).

Секциялар атауы:

           1. Қаныш және жаратылыстану ғылымы

           2. Қаныш Сәтбаев  мұрасы (тарих, әдебиет, музыка)

Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефонына хабарласуға болады: 87026087385; 87471864092.