Елордалық жас зияткерлердің кезекті жетістігі!

Күні кеше ғана 2022 жылдың 15 наурызында қашықтықтан өткен халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасының қорытындысы шықты.

Атаулы олимпиадаға елорданың 7 мектебінен  («SPECTRUM» ММ, БИЛ ер, «NURORDA» МЛ, экономикалық лицей, №3 МГ, QUANTUM STEM SCHOOL, Haileybury Astana) 22 жас математик қатысты.

         Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары Олимпиадада табысты өнер көрсетіп, түрлі деңгейдегі 13 медаль – 1 алтын, 3 күміс және 9 қола жеңіп алып, өз білім деңдейлерін тағы да дәлелдеді.

         Олимпиадада жеңімпаз-жүлдегер атанған оқушылар:

Алтын медаль:

  • Сам Феттулах( «SPECTRUM» ММ);

Күміс медаль:

  • Абсаттаров Нұрдаулет, Дюсенбаев Қозыкөрпеш, Алпысбеков Алихан (БИЛ ер);

Қола медаль:

  • Байтуреев Рахымжан, Караман Мирас, Таңсықбай Абзал, Алимбаев Жұбаныш (БИЛ ер);
  • Кусдавлетов Эльдар, Молдабек Әділбек, Нагашбек Мухаммед («NURORDA» МЛ);
  • Баймульдин Данил (Экономикалық лицей);
  • Темирзинова Мерей (Haileybury Astana)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және олардың ұстаздары мен ата-аналарын халықаралық беделді олимпиадада жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!

https://www.instagram.com/tv/CbMTbkGo8PD/?utm_medium=share_sheet