2019 жылдан бастап «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің ғылыми кеңесшісі, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор Тесленко Александр Николаевичтің «Татуласу мектебі: тең- теңімен» авторлық жобасы жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты: Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарында мектептегі татуласу қызметін дамыту. «Татуласу мектебі: тең -теңімен» бағдарламасы лекциялық-тренингтік режимде құрылған және жанжалсыз коммуникация мен медиация дағдыларын қалыптастыруға, жанжалды жағдайларды шешу кезінде оқушылардың психологиялық құзыреттілігін дамытуға, жалпы олардың білім деңгейін көтеруге бағытталған. Бағдарламаның негізгі қағидалары еріктілік, құзыреттілік, жеке көзқарас, ашықтық, кері байланыстың тұрақтылығы, педагогикалық этиканы сақтау болып табылады.
2022 жылдың 15 наурызында № 20 орта мектебінің базасында «Татуласу мектебі: тең -теңімен» бағдарламасының ашылуы өтті. Мектептің акт залында медиативтік технологиялар мен жанжалсыз қарым-қатынас дағдыларын меңгергісі келетін 42 оқушы жиналды. Интерактивті әдістердің көмегімен балалар бір-бірімен танысты. Шағын эксперимент барысында қарым-қатынас бойынша серіктесті қабылдау ерекшеліктерін анықтады, тиімді коммуникация техникасымен танысты.
Болашақта «Татуласу мектебі: тең -тең» сабақтары әр сейсенбі сайын Zoom платформасында өтеді.
ZOOM конференциясына қосылу
Вебинарға сілтеме: https://us02web.zoom.us/s/5166292375
Идентификатор: 5166292375
Пароль: 203009
«Татуласу мектебі: тең -теңімен», «Болашақ психологтер Клубының» келесі кездесуі 2022 жылдың 1 сәуірінде №60 мектеп-лицейі базасында сағат 13.30-да өтеді.