«М.О. Әуезовтің рухани шәкірттері»

2022 жылдың 15 наурызында заманымыздың заңғар жазушысы  М.О.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы қарсаңында М.О.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында    «Астана дарыны» ДДжПСО КММ-мен бірлескен «М.О. Әуезовтің рухани шәкірттері» атты І қалалық  ғылыми жобалар байқауы өткізілді. ғылыми жоба байқауына елордамыздағы  98 білім беру мекемесінен 150 оқушы 2022 жылдың 25 ақпанына дейін онлайн форматта өз жобаларын ұсынды. Іріктеуден өткен 89 оқушы екінші кезеңде білімдерін сынады.

Жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ф.ғ.д. Жұмағұл Сағымбай Ботпайұлы,  Есемканович Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының оқытушысы Алимбаев Аслан, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ к, қауымдастырылған профессоры Дүйсен Сейітқали Жахияұлы, филология магистрі Ғалымжанов Баянғали Ғалымжанұлы сараптама жасап, әділқазылық етті.  

Нәтижесінде, «М.О.Әуезовтің әдебиеттану ғылымындағы орны» секциясы бойынша:  Бас жүлдені №8 МГ, І орынды №87 МГ,  ІІ орынды №63 МГ, №52 МГ,  №69 МГ, BINOM school “Тұран” мектебі.  ІІІ орынды №51 МГ, №38 МЛ, №84 МЛ иеленді.

«М.О. Әуезов және тарих» секциясы бойынша:  Бас жүлде  №69 МГ,  І орынды №86 МГ,  ІІ орынды №69 МГ, №87 МГ, БИЛ мектебі, №77 МГ,  №78 МГ, №69 МГ.  ІІІ орынды № 67 МГ,  №30 МГ, №74 МГ, «BINOM SCHOOL  «Ұлы дала» МЛ,  Binom school «Сарыарқа» МЛ, , №56 МЛ иеленді.

«М.О. Әуезов және әлем әдебиеті» секциясы бойынша Бас жүлдені «TURAN» МЛ,                      І орынды №58 МГ, ІІ орынды  №78 МГ,  BINOM school «Тұран» МЛ,  №70 МЛ,  №38 МЛ. ІІІ  орынды  № 16 ОМ,  №77МГ,  №70 МЛ, №53 МЛ, №58  МГ иеленді.

Ғылыми жобаға оқушылар дайындаған жетекшілерімен «Астана дарыны» ДДжПСО директоры Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы семинар өткізіп, орталықтың жұмыс барысымен таныстырды. Жумагелдин Бақтыбай Асанұлы М.Әуезов еңбектері мен ғылыми жолы негізінде баяндама оқыды. Ал оқушылармен жазушының шығармашылығы бойынша викториналық ойындар өткізілді. 

Бас жүлдеге ноутбук, І орынға телефон, ІІІ орынға құлаққап, қатысқан оқушыларға жазушының кітаптары сыйға тартылды. Байқаудың өтілуіне демеушілік көрсеткен  «Ғабит Сәтмағамбетовтың қайырымдылық қоры» президенті, «G-Park» құрылыс компаниясының директоры  Сәтмағамбетов Ғабит Хакімұлына, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, «Алматыкітап» баспасына алғысымызды білдіреміз.