2022 жылдың 16 наурызы күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас психолог мектебі» оқу семинары аясында №36 ОМ базасында мектеп психологтерінің іс-тәжірибесімен алмасу мақсатында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің ерекшеліктері» оқу семинары өтті.
Семинарға тыңдаушылар ретінде №6,14,18,19,20,26,29,41,49,58,61,65,83 мектептерінен 20 педагог-психолог қатысты.
«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің аға әдіскері А. К. Исабекова семинардың мақсаты мен міндетіне тоқталды.
Психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтар жас балалар мен жасөспірімдер арасында көбейген. Мамандандырылған психологиялық – педагогикалық көмекті қажетсінетіндер тек мамандандырылған мекемелерде оқитын балалар ғана емес, сонымен қатар бұқаралық мектептер мен балабақша тәрбиеленушілері де қажетсінеді. Осы балаларда ауытқушылықтардың өрескел емес, шамалы ғана, шекаралас түрі бар, ол назардың тапшылығы, эмоциялық аядағы бұзушылықтар, мінез-құлықтық девиация арқылы көрініс береді, осының салдарынан түрлі іс-әрекеттің қалыптасып, ең алдымен баланың оқуына және әлеуметтік бейімделуіне және әлеуметтенуіне қиындық келтіріледі. Осылайша, жас баланың дамуындағы түрлі ауытқуды бір жасқа дейін ерте анықтау мен түзету бар ауытқушылықтарды түзетумен қатар, одан кейінгілердің пайда болуының алдын алуға, бала дамуында жоғары деңгейге жетуге және мүгедектіктің алдын алуға мүмкіндік береді. Нұр-Сұлтан қаласы №30 орта мектебінде аталған өзекті мәселе бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесін зерделеу ұйымдастырылды.
Семинардың теориялық бөлімінде мектептің педагог-психологтері Ж. А. Султанова, Г. А. Байтелякова, әлеуметтік педагог Ж. О. Адамзатова «Түзету сыныптарында психофизикалық даму проблемалары бар балалардың өмірлік құзыреттерін қалыптастыру» тақырыбында таныстырылым жасады. Ж. А. Султанова ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің нормативтік-құқықтық, әдістемелік аспектілерін ашып, жан-жақты түсіндірді. Семинардың практикалық бөлімінде 8 «Г» түзету сыныбының оқушыларымен «Наурыз – достық және бірлік мерекесі» атты психологиялық тренинг жүргізді.
№5 ПМПК дефектологы Н.А.Ермоленко жалпы білім беретін мектеп жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың қатысуымен » Наурыз қонақтарды қарсы алады!» атты шағын мерекелік іс-шара өтті.
Қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, семинар жұмысы қорытындыланды.
Семинарды ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізуге қолдау көрсеткен мектеп әкімшілігіне және педагогикалық ұжымға алғыс айтамыз.