«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 5 сәуір күні «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңін дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаттың базасында өткізетіндігін хабарлайды.
Конкурстың мақсаты – дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.
Конкурс 3 кезеңнен тұрады:
- І (мектепшілік) кезең;
- Қалалық кезең;
- Республикалық кезең.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1.«Жақсылық керуені» номинациясы (қатысушылардың жасы 13-14 жас);
2.«Отаным – қасиетті туған жерім» номинациясы (қатысушылардың жасы –13-14 жас);
3.«Мен – Қазақстанның азаматымын» номинациясы (қатысушылардың жасы – 13-14 жас);
4.«Менің ашық университеттерім» номинациясы (қатысушылардың жасы –15-17 жас); - «Менің кіші Отаным» номинациясы (қатысушылардың жасы – 13-14 жас);
- «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-17 жас);
- «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы (қатысушылардың жасы –15-17 жас);
- «Жаңғырту полюсі» номинациясы (қатысушылардың жасы 14-15 жас);
- «Киіз үй – ғаламның моделі» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-16 жас);
10.«Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациясы (қатысушылардың жасы – 15-16 жас).
Конкурсқа мектептен 10 номинация бойынша 10 оқушы қатыса алады. Конкурсқа https://forms.gle/QwUzv4WuscyCazts5 сілтеме бойынша 15 наурызға дейін тіркелесіздер. Қосымша мәліметті мына мекен–жай бойынша ала аласыздар: «Астана дарыны» ДДЖПСО, Мәңгілік ел 55/13, пост-5, С2.1, ұ.т. 87011775170.