Бүгін, яғни 2022 жылғы 16 наурыз күні «Казмедиа» орталығында білім мен ғылымға құмар жастарды қолдау мақсатында “Білім және денсаулық-2022” көрмесі өтіп жатыр. Көрме – ұлттың саулығы мен сауаттылығына бағытталған ұрпақтың жарқын болашағы мен бүгінгі жетістігінің көрсеткіші. Аталмыш шара барысында “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ және “Білім Орда” ХҚҚ қарасты мектеп-лицейі оқушыларының инновациялық жұмыстары көпшілік назарына ұсынылуда. Көрмені елордалық мектептердің мұғалімдері мен оқушылары қызыға тамашалауда. Жас өнертапқыштардың шығармашылығына табыс тілейміз!